БАУЫ БЕРІК БОЛСЫН!
БАУЫ БЕРІК БОЛСЫН!

Дүние есігін айқара ашып, өмірге шыр етіп сәби келгенде «бауы берік болсын» дейміз. Осы сөздің астарына бір үңіліп көрдік пе осы? Не себепті олай айтылады? Ол қандай бау... ?

Құран Кәрімнің бірнеше жерінде «Алланың жібіне (шариғатына) жақсылап жабысыңдар», делінген. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Кімде-кім жамағаттан бір қарыс ұзап кетсе, сөзсіз ислам жібін мойынынан шығарып тастаған болады», дейді. Ал қазақта, нәпсіге құл болып, есіріп, еліріп кеткенге «Ей, жүгенсіз кеткір», деп айтылады.

Бау, жіп, жүген деген сөздердің түбі бір дейтін болсақ, бұлардың «шариғат жібі», «шариғат бауы» екенін түсінгеніміз. Түркі жүртында «Бас басқа байланады. Бас шариғатқа байланады», деген сөз бар.

Ендеше бабаларымыздың жарық дүниеге келген бейкүнә сәбиге жасаған батасы мындай болғаны ғой: «Құлыншағым, шариғатқа мықтап байлан, бауың берік болсын!».

Тағы да тереңдей түссек, мұны пірге байлаған рухани бау деп түсінуге болады. Бабаларымыз пірге қол берген, дана халық болғанын мына сөзбен ғана түсінуге болады. Әжелеріміз бен аталарымыз көңілді елең еткізер жайтқа тап болғанда немесе әлденеге таңқалғанда «япырай», «ойпырмай» деп жатады.  Бұл дегеніңіз «Я пірім-ай!», «Ой пірім-ай!» деген сөздер емес пе?

Олай болса, өмірге қадам басқан  нәрестеге жасалған батаның екінші мағынасы мынадай болса керек: «Құлыншағым, есейіп ер жеткенде ұстазыңа мықтап байлан. Бауың берік болсын!».

Ең дұрысын Алла біледі.

Бауымыз берік болын, ағайын... !

Еркінбек АқанұлыЕркінбек Ақанұлы
9 лет назад 86908
0 комментариев
О блоге